06 Ақп 2021
Страницы ЖОББ Мереке мектеп-балабақша кешені

Әлеуметтік педагог

2022 жылдың 12 сәуір күні Мереке МББК-де мектеп педагог-психологі С.Бигалиева, әлеуметтік педагог Н.Мақсотованың ұйымдастыруымен 6-сыныптың оқушылары мен ата-аналарына бірлескен семинар-тренинг өткізді. Ата-аналар мен оқушылар белсенділік танытып, алғыстарын айтты.


2022 жылдың 4 наурыз күні Мереке мектеп – бөбекжай – балабақша кешенінде 1 – 4 сынып оқушыларына әлеуметтік педагог Н.Мақсотова түрлі – түсті қағаздардан сандарды тауып айту, доппен ойнау, «Қарым - қатынас», «Менің көңіл - күйім» атты тренинг арқылы оқушылардың көңіл күйлерін көтерді. Оқушылар өздерінің есте қалған қызықты оқиғаларын айтты.


Жалпы орта білім беретін Мереке «мектеп - балабақша» кешені

2020 – 2021 оқу жылы

«Мектепке жол» акциясының  жүргізілу барысы туралы

Жалпы орта білім беретін Мереке «мектеп - балабақша» кешенінде «Мектепке жол» акциясы аясында жалпыға бірдей білім беру қорынан қаражат бөлініп, әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балалары мен күнкөрісі төмен отбасы балаларына, соның ішінде 15 оқушыға киім – кешек, 31 оқушыға оқу құралымен қамтамасыз етілді.


Жалпы орта білім беретін Мереке «мектеп - балабақша» кешені

2020 – 2021 оқу жылы

«Отбасы – бақыт мекені» апталығына арналған қашықтықтан іс – шаралар жоспары бекітілді, жоспар бойынша «Отбасыммен селфи!» тақырыбында әлеуметтік педагог әлеуметтік педагог Н.Мақсотова мектеп оқушылары мен ата – аналарынан фотогалерея жинақтады.

 


Жалпы орта білім беретін Мереке «мектеп - балабақша» кешені

2020 – 2021 оқу жылы

Жалпы орта білім беретін Мереке «мектеп - балабақша» кешенінде 2020 жылдың  қазан айында 2 – 11 сыныптар арасында «Зорлық зомбылықсыз балалық шақ» атты мектебіміздің педагог – психологі С.Бигалиева және әлеуметтік педагог Н.Мақсотова сауалнама өткізді.


Жалпы орта білім беретін Мереке «мектеп - балабақша» кешені

2020 – 2021 оқу жылы

Жалпы орта білім беретін Мереке «мектеп - балабақша» кешені бойынша қараша айында «Бала құқығы – асыл қазына» тақырыбында көп балалалы аналарға жадынама таратылды.


Жалпы орта білім беретін Мереке «мектеп - балабақша» кешені

2020 – 2021 оқу жылы

«Жаңа Жыл» қарсаңында әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балалары мен күнкөрісі төмен отбасы балаларына көрсетілген көмектер туралы мәлімет

Жалпы орта білім беретін Мереке «мектеп - балабақша» кешені бойынша әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балалары мен күнкөрісі төмен отбасы балаларына «Жаңа Жыл» қарсаңында сыйлықтар таратылып берілді. Жалпыға бірдей білім беру қорынан 10 балаға қысқы куртка алынды. Соның ішінде 6 бала атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы балалары мен 4 бала күнкөрісі төмен отбасы балалары.

Ауылымыздың жеке кәсіпкері, «Амина» жеке кәсіпкерінің басшысы М.Хасанов пен ауыл тұрғыны, зейнеткер Р.Давлетов 31 балаға жаңа жылдық тәттілер табыстады.

Аудан әкімі шыршасына қатысатын 2 оқушыға қысқы куртка, тәттілер мен құттықтау қағаздары Аяз Ата мен Ақшақар, Мереке ауылдық округі әкім аппаратының бас маманы Н.Боранбаев және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Распаева құттықтап, сыйлықтарын табыстады.

«Жаңа Жыл» қарсаңында жалпы мектебіміздің әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балалары мен күнкөрісі төмен отбасы балалары жаңа жылдық тәттілермен қамтылды.

Жаңалыктар