2022 жылдың 12 сәуір күні Мереке МББК-де мектеп педагог-психологі С.Бигалиева, әлеуметтік педагог Н.Мақсотованың ұйымдастыруымен 6-сыныптың оқушылары мен ата-аналарына бірлескен семинар-тренинг өткізді. Ата-аналар мен оқушылар белсенділік танытып, алғыстарын айтты.
http://mereke.taskala-bilim.edugov.kz/kz/ped-g-g-psikh-l-g.html#sigFreeId700bc74af2
Жалпы орта білім беретін Мереке мектеп –балабақша кешені
Мектеп психолыгының 2020-2021 оқу жылында
І жартыжылдық бойынша атқарылған жұмыстар
Мектептегі психологиялық қызметінің негізгі бағыттары:
- Психологиялық диагностика
- Психологиялық түзету-дамыту
- Психологиялық алдын-алу
- Психологиялық кеңес беру
- Психологиялық ағарту
Бұл психологиялық қызметтің І –ші жартыжылдық бойында сараптамалық жұмыстың нәтижесі:
Қыркүйек -желтоқсан айлары бойынша диагностикалық жұмыстар саны -13. Оқушылармен жүргізілген диагностикалық жұмыстар-11, ата-аналармен-1, мұғалімдермен-1.
Ағартушылық жұмыстар саны -10. Оқушылармен-5, ата-аналармен-2, мұғалімдермен-3.
Жеке кеңес алғандар саны-6. Оқушылармен-4, ата-аналармен-2, мұғалімдермен-0.
Топтық кеңес алғандар-30. Оқушылармен-13, ата-аналармен-10, мұғалімдермен-7.
Түзету –дамытушылық жұмыстар саны-10. Жеке-1. Топтық-9.
1-сынып оқушыларының мектепке бейімделуі жөнінде анықтама.
Мектебімізде 2020-2021 оқу жылында 1 «а» сыныбында 8 оқушы бар. Ұл бала-4, қыз бала-4.
Оқушылар мектеп жарғысындағы оқушының міндеттері мен ережелерін үнемі сақтап отырады. Күн тәртібінің орындалуы, мектеп формасының сақталуы, күнделікті толтыруы жақсы жағдайда. 1 сынып оқушылары 100% ыстық тамақпен қамтылған.
Сынып жетекшілер сынып оқушыларының мектеп өміріне бейімделуіне жағдай жасауда, оқушылар денсаулығын сақтау мақсатында күнде ертеңгілік жаттығу, сабақ барысында кемінде екі рет сергіту жаттығулары жүргізіледі. Ата-ана тарапынан үйдегі оқытуға қадағалу бар.
Мектеп психологының жұмыс жоспары бойынша 14 қараша бірінші сыныптардың бейімделуін бақылау жүргізілді. Оқушылардың мектепке бейімделуі қалыпты жағдайда деген қорытынды жасалды.
Қараша айында 1 «а» сынып оқушыларынан «Баспалдақ әдістемесі», «Социаметрия» әдістері алынды. Мақсаты: Баланың өзін-өзі бағалау деңгейін және достары арасында орынын анықтау. Қатысты: 7 оқушы Қатыспағаны:
Қорытынды: Сынып оқушыларының мінездері ауыспалы соған байланысты бір-бірімен қарым-қатынастары да ауыспалы. Оқушылардың өздерің бағалауы жақсы, бір оқушы төмен.
Сыныптың қарым-қатынасы орташа деңгейде. Коррекциялық жұмыс: Сыныппен тренинг өткізу. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытуға арналған әдістермен жұмыс.
14.11.19 күні 1 «а» сынып оқушыларынан Керн-Йерасек тестті алынды. Мақсаты: Оқушының оқуға дайындығын анықтау.
Қорытынды: Оқушының оқуға дайындығын зерттеу барысында -1 оқушы орташа деңгейді, және 6 оқушы жақсы деңгейді көрсетті. Оқушының оқуға дайындығын нормаға сай дегенді білдіреді. Мектепке бейімділігі қалыпты жағдайда.
12.11.19 күні: 1 сынып оқушылардың оқуға дайындығын анықтауға арналған тапсырмалар. Мақсаты: Оқушының оқуға дайындығын анықтау және мектеп пен сыныптастары арасындағы қарым - қатынасын бақылау.Қатысқан оқушылар саны- 8 оқушы. 1 «б» сынып оқушыларымен «Оқушылардың зейіні мен оқу мотивациясын» анықтау мақсатында арнайы тапсырмалар алынды. Тапсырмалар арқылы оқушылардың зейіннің тұрақтылығы, мектеп пен сыныптастары арасындағы бейімделуі мен беделі анықталды. Сыныптың оқу мотивациясы төмендегідей.
Сынып |
Жоғары |
Орташа |
Төмен |
1 |
2 |
6 |
0 |
Сыныптың қарым-қатынасы жақсы. Жазу, оқу, сызу, сөздік қорлары жалпы сыныптың жақсы деңгейде. Мектепке бейімделуі қалыпты. Коррекциялық жұмыс: Сыныппен тренинг өткізу. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытуға арналған әдістермен жұмыс.
19.11.19 күні 1 сынып оқушыларымен оқушылардың мектепке бейімделуін анықтау. Оқушылардың бір-біріне деген қарым-қатынасын бақылау мақсатында тренинг өткізілді.1 «б» сынып оқушыларымен «Кел танысайық» тренингі өтті. Барлық оқушылар өте белсенді қатысты. Өздерінің сүйікті істері, достары, мектепте оқығандары ұнайтындарын айтты.
Сондай- ақ 1 «б»- тренинг барысында баланың өзін-өзі бағалау деңгейін және достары арасында орынын анықталды. Сынып оқушылары тату, кейде мінездеріне байланысты өзгеріп отырады. Өз ойларын еркін анық жеткізе алады.
4.11.19 күні 2 «б» сынып оқушыларымен «Мен және отбасым» тақырыбында сурет алынды.Мақсаты: Оқушылардың отбасындағы рөлі мен қарым-қатынасын анықтау.Қатысқан оқушылар саны- 14.
12.12.19 күні 3 «а» сынып оқушыларымен оқушылардың өзін-өзі бағалауын анықтау. Сынып арасындағы қарым-қатынасын бақылау. Мінез ерекшеліктеріне мән беру мақсатында тренинг өтті. Қатысқан оқушылар саны-8.
Тренинг барысында оқушыларға психологтың қызметі, қандай көмек көрсетілетіндігі айтылды. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Оқушылардың өздерін қаншалықты бағалайтындықтарын анықтау мақсатында «Менің жақсы қасиетім» деген жазбаша жұмыс берілді. Оқушылар өз бойындағы ұнайтын, ұнамайтын қасиеттерін жазды. Жаттығу қорытындысы бойынша оқушылардың көбі жақсы қасиеттерін айтқанда қиналды.
Оқушылардың есте сақтау, креативті ойлауын дамыту мақсатында «Сызықтарды екі қолмен жалғастыр» жаттығуы берілді. Оқушылар екі қолмен жазғанда басында аздап қиналды. Біра-ақ тапсырма балаларға өте ұнады. Оқушылардың көңіл күйлерін көтеру үшін тренинг соңында «Айдаһар» ойының ойнады. Қорытынды: Тренинг барысында, жаттығуларды орындағанда ерекше бақылау мен арнайы жұмысты қажет ететін оқушылар анықталды. Олар: 1 (бір орында отыруы қиын, агрессивті), 2 (тұйық, жаңа ортаға бейімделуі ұзақ). Аталған балалармен алдағы уақытта тренингтер өткізіліп, психологиялық түзету жұмыстары жүргізіледі.
09.12.19 күні 4«а» сынып оқушыларымен социаметрия әдісі алынды. Қатысқан оқушылар саны- 9 Қатыспағаны: 1 себепті. Мақсаты: Оқушылардың оқу мотивациясын анықтау. Сынып арасындағы оқушылардың қарым- қатынасын байқау. Оқушылардың сынып жетекшісімен, пән мұғалімдермен қарым-қатынасын анықтау.
Сынып оқушылары бір-бірімен ара қатынастары орташа. Мұғалімдермен қарым-қатынасы жақсы. Жалпы сыныптың сөздік қоры орташа дамыған. Қиялдары, есте сақтау қабілеттері орташа.
Қиындық тудыратын пәндері: Екі оқушыға ағылшын, төрт оқушыға-математика пәні.
Ұнататын пәндері: музыка, қазақ тілі, әдебиет, сурет, дене тәрбиесі. Сынып оқушылары бос уақыттарында кітапханаға барады. Екі оқушы күреске қатысады.
Қорытынды. Жалпы сыныптың оқу мотивациясы мен бір-біріне деген қарым-қатынастары жақсы. жақсы. Мектепішілік сайыстарға, мерекелік іс-шараларға белсенді қатысады. Оқушылар сынып жетекшесімен жақсы қарым-қатынаста.
Сөздік қоры аз, тұйық мінезі бар. Бейімделуі орташа. Шектелген ортада ғана ашылады.
Оқушылардың орта буынға бейімделуі барысында жүргізген жұмыстар туралы анықтама. Желтоқсан 2020 ж.
Мектебімізде 5 «а» сыныбында 8 оқушы, оның ішінде 5- ұл, 3-қыз оқиды. Мектеп жарғысындағы оқушының міндеттері мен ережелерін үнемі сақтап отырады. Күн тәртібінің орындалуы, мектеп формасының сақталуы, мектепішілік шараларға қатысуы жақсы.
5 «а» сыныбының орта буынға бейімделуі жақсы. Анықтау мақсатында оқушылардың оқу әрекетінің мотивациясына арналған сауалнама алынды.
Сауалнама нәтижесінде сынып оқушылардың көбі жақсы көңіл күймен келетіндіктерін айтты. Оқушылардың пәнге деген көз қарастарын анықтауда 3 ағылшын пәнінен оқуда аздап қиналатындықтарын көрсеткен. Өмірзақ Айсуға әдебиет сабағы қиындық тудыратындығы анықталды.
Оқушылардың барлық мұғалімдер мен және сынып жетекшілермен қарым- қатынасы өте жақсы. Оқушылардың есте сақтау қабілетін анықтау барысында 5 «а» сыныбы бойынша есту арқылы есте сақтау- 25% , көру арқылы есте сақтау- 55%, көріп –қайталау арқылы есте сақтау- 75% нәтиже көрсетті.
Сынып оқушыларымен «Мен өмірді сүйемін», «Мен және менің әлеуметтік рөлім» , «Өз мінез құлқынды қалай тәрбиелейсің?» атты тақырыптар да психологиялық тренингтер өтілді .Онда оқушылар өздерінің жас ерекшеліктеріне қарай нені білу керек екендігін білді. 5- сыныптың бастауыш сыныптан қандай айырмашылықтары бар екендігі туралы ойларын ортаға салды.
Оқушыларға мейірімділік, көңіл-күй, пәнге деген қызығушылық (көрнекіліктер), мұғалімнің көңіл аударуы қажет. Оқушыларымыздың мінез-құлқына келетін болсақ , мұғалім зейінін көбірек қажет ететін оқушылар бар. Олар: 1 тұйық. Жалпы 5-сыныптың бейімделуі қалыпты жағдайда өтуде.
19.11. күні 5 «а» сынып оқушыларынан сауалнама алынды. Қатысқаны: 6. Қатыспағаны: 1 себепті. Мақсаты: Оқушылардың оқу мотивациясын анықтау. Сынып арасындағы оқушылардың қарым- қатынасын байқау. Оқушылардың сынып жетекшісімен, пән мұғалімдермен қарым-қатынасын анықтау.
Сауалнама нәтижесінде сынып оқушылардың көбі жақсы көңіл күймен келетіндіктерін айтты. Оқушылардың пәнге деген көз қарастарын анықтауда 3 оқушы ағылшын пәнінен оқуда аздап қиналатындықтарын көрсеткен. 1 орыс әдебиет сабағы қиындық тудыратындығы анықталды.
Оқушылардың барлық мұғалімдер мен және сынып жетекшілермен қарым- қатынасы өте жақсы. Қорытынды: Сынып оқушылары бір - бірімен тату. Өз ойларын ашық жеткізе алады. Оқу мотивациясы жақсы. Жеке жұмыс істеуді қажет ететін бір оқушы 1
Өте тұйық, өз ойын ашық айта алмайды. Бойында үрей, қорқыныш бар. Ренжігіш тұстары да байқалды. Өзін жалғыз сезінеді.
Коррекциялық жұмыс: сынып ұлдарымен, қыздармен жекелей кеңес өткізіп. Өз топтарына қосуға көмек беру. Топтық, жекелей тренингтер өткізу. Үйірмелерге қатысуға бағыт беру.
09.12 күні 7 сынып оқушыларынан сауалнама алынды. Мақсаты: Оқушылардың оқуға деген көзқарасын білу. Сынып арасындағы оқушылардың қарым- қатынасын байқау. Оқушылардың сынып жетекшісімен, пән мұғалімдермен қарым-қатынасын анықтау.
7 сынып оқушылары бір-бірімен өте тату. Мұғалімдермен қарым-қатынасы жақсы. Сабаққа ыңталары орташа. Сынып жетекшімен ара қатынастары жақсы. Оқушылардың 1-уі «Біреу ренжітсе, сынып жетекшіге айтасын ба?» сұрағына «жоқ»-деп жауап берген.
29.11.19 күні 7 «а» сынып оқушыларынан сауалнама алынды. Қатысқан оқушылар саны-7
Мақсаты: Оқушылардың оқу мотивациясын анықтау. Сынып арасындағы оқушылардың қарым- қатынасын байқау. Оқушылардың сынып жетекшісімен, пән мұғалімдермен қарым-қатынасын анықтау. Сауалнама нәтижесінде сынып оқушылардың көбі жақсы көңіл күймен келетіндіктерін айтты. Оқушылардың пәнге деген көз қарастарын анықтауда, ағылшын пәнінен оқуда аздап қиналатындықтарын көрсеткен. Әдебиет сабағы қиындық тудыратындығы анықталды.
Оқушылардың барлық мұғалімдер мен және сынып жетекшілермен қарым-қатынасы өте жақсы. Сабаққа дайындықсыз келгенде сынып оқушыларының барлығы қорқып келетіндіктері жөнінде сауалнамада белгілеген. Қорытынды: Сынып оқушылары бір - бірімен тату. Өз ойларын ашық жеткізе алады. Оқу мотивациясы жақсы. Жеке жұмыс істеуді қажет ететін бір оқушы 1
Тез ренжігіш қасиеті бар, достарымен қатым-қатынасы нашар. Бойында үрей, қорқыныш бар. Өзін жалғыз сезінеді.
Коррекциялық жұмыс: сынып ұлдарымен, қыздармен жекелей кеңес өткізіп. Өз топтарына қосуға көмек беру. Топтық, жекелей тренингтер өткізу. Үйірмелерге қатысуға бағыт беру.
4.11-8.11 күндер аралығында 5-11 сыныптар арасында оқушылардың оқу мотивациясын анықтау мақсатында сауалнамалар алынды.
18.11.19 күні 8 «А» сынып оқушыларымен «Мен өмірде қандай жетістікке жете аламын?» тақырыбында тренинг сабақ өтті. Қатысқан оқушылар саны: 10
Қатыспаған:2 оқушы (себепті). Мақсаты: Балалар арасындағы қарым-қатынасты нығайту, адамгершілік қасиетін жоғарлату. Өмірде өз орындарын дұрыс табуға көмектесу.
21.11.19 күні 11 «А» сынып оқушыларынан тест алынды. Қатысқан оқушылар саны: 9 Қатыспаған: 4 оқушы (себепті) Мақсаты: 11 сынып оқушылардың қандай пәнге деген қызығушылықтарын анықтау. ҰБТ-да таңдаған пәндерін білу.
Сауалнама 37 сұрақтар құралған. Барлық оқушылар толық жауап берді. 22.11 күні 11 сынып оқушыларының ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында болашақ түлектердің таңдау пәндері, ата-ана тарапынан қолдау көрсету сынды психологиялық кеңес ұсынылды. «Мамандық таңдауда ата-ананың рөлі» тақырыбында ата-аналардан сауалнама да алынды.
9.12.19 күні 7 сынып оқушыларынан тест алынды. Қатысқаны: толық 6 оқушы. Мақсаты: Оқушылардың интернетке тәуелділігін анықтау. Қандай әлеуметтік желілерді қолданатының білу. Сауалнама нәтижесі бойынша
- 0 –ВК, инстраграм
- 5 –ватцап
- 0- одноклассники, ВК.
- «Сколько часов в день Вы проводите в социальных сетях?» 1-2 сағат интернетті қолданады.
- «Какова для Вас цель использования социальных сетей?» оқушылар достарымен сөйлес, ән тыңдау, ойын ойнау, уютубта отыру деп жауап берді. 1 оқушы ойын ойнайды. 1 оқушы қажетті ақпарат алуға және достарымен сөйлесуге, екі оқушы музыка тыңдайды.
- Сабақта инернетті қолдана ма? « Как Вы считаете, использование социальных сетей помогает в учёбе?»,
- «Считаете ли Вы себя зависимым от соцсетей. 3 оқушы «жоқ», 1 оқушы «не знаю».
- Совпадает ли круг общения респондентов в соцсетях и в реальной жизни-100 «иә» деп жауап берді. Сондай-ақ оқушылардыі 100 пайызы сабақ үстінде интернетті мүлдем қолданбайтындығын көрсетті. Оқушылардың әлеуметтік желіліге күніне 1-2 рет қолданатындығы анықталды.
Қорытынды: Сынып оқушыларың интернетті, әлеуметтік желіні қолдану біледі, интернетке деген тәуелділік жоқ.
2020 жылдың 4 қазан күні Жалпы орта білім беретін Мереке мектебінің сынып жетекшілерінен сауалнама алынды. Мақсаты: Сыныптағы проблемалық ахуалды, беделді, тұйық оқушыларды анықтау. Сауалнама көмегімен жеке оқушыларды зерттеу. Сауалнама 7 сұрақтан құралған. Жалпы сынып жетекшілер саны 11.
Сауалнама нәтижесінде келесілер анықталды. Жалпы мектепішілік сыныптың сынып жетекшілермен қарым-қатынасы: «Жоғары» - 6, «Орташа»-5, «Төмен»-0 Жалпы мектепте -тұйық оқушы, өз ойын ашық айта алмайтын ұялшақ оқушылар саны-8. (
Ұстаздардың тіл табыса алмайтын оқушылар саны- 0. Қорытынды: Оқушылардың оқу мотивациясы мен ұстаздармен қарым-қатынасын анықтау мақсатында сауалнамалар алынып, психологиялық диагностика жүргізіліп, қиындық туғызатын оқушы анықталған уықытында психологиялық түзету жұмыстары жүргізіледі.
15.11 күні 8 «а» сынып оқушыларынан сауалнама (А. Басс және А.Дарки) алынды.
Мақсаты: Агрессиялық мінез-құлықты анықтау. Қатысқаны: 9 оқушы.
Сауалнама 75 сұрақтан құралған. Сауалнама арқылы оқушылардың өмірдегі әр түрлі жағдайларға қалай қарайтындықтарын анықтау болады. Сауалнама келесілер нәтижесінде анықталды:
br
№ |
Агрессия деңгейі |
|
Орташа |
Төмен |
1 |
|
2 оқушы |
7 оқушы |
|
2 |
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
4 |
|
|
|
|
|
|
|
|
28.11 күні мұғалімдер арасында «Ұжымды біріктіру. Эмоциялық көңіл күйлерің көтеру» мақсатында тренинг өткізілді.
5-19.12 аралығында мектепте 8-9 сыныптарына «Психологиялық денсаулықты нығайту» бағдарламасы жүргізілді. Оқушыларға апта сайын дәріс сабақтар өткізілді. Ата-аналарға жиналыс өткізіліп презентациямен, жалпы бағдарлама туралы ақпарат берілді. Бағдарлама соңында оқушылардан сауалнама алынып, қорытындысы шығарылды.
19.12.19 күні қызбалалардың қауіпсіздігі мен сауаттылығын арттыру. Ерте жүктіліктің алдың алу мақсатында 7-11 сынып қыздары арасында дәріс сабақ өтті.
Қыздарға ерте жүктіліктің зияны жөнінде. Адам денсаулығы мен болашағына тигізер зардабы жөнінде мектеп медбикесі дәріс оқыды.
Дәріс барысында қыздарға презентация көрсетілді. Етеккір жөнінде ақпарат берілді. Дәріс соңында мектеп психологы құпия түрде сауалнама алды. Мектеп психологы қыздардан сауалнама алды. Сауалнама нәтижесі төмендегідей.
Ерте жүктілікке қыздардың барлығы теріс көзқараста екендігін көрсеткен. 8 оқушы ерте жүкті болудың себебі махаббатқа деген беріктілік деп түсінгені байқалды. 3 оқушы ата-ананың мейірімі мен көңіл бөлуінің жоқтығынан деген көзқараста екендігі анықталды.
Дәріс қорытындысы бойынша: 7-11 қыздары ақпарат көздерімен таныс, бастапқыдан қарағанда ерте жүктіліктің қаншалықты зиян екендігі анық түсіне біледі. Қыздарға ата-ана қамқорлығы мен мейірім жетіспейтіндігі жөнінде ата-аналарды хабардар ету.
19.12 күні МАД тобының оқушыларымен жұмыс жүргізілді. Мақсаты оқушылардың бейімділігін, есте сақтау, сөздік қорларын, зейін аударуын анықтау.
20.12 күні мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыста І-ші жартыжылдық бойынша мектеп психологының жүргізілген жұмыстардымен ата-аналарға есеп берілді. Қысқы демалыста балалардың қауіпсіздігі, әлеуметтік желі мен интернетті оқушылар тиімді пайдаласын деген ата-аналарға кеңестер ұсынылды.
Мектепте І жартыжылдық бойында алынған сауалнамалар саны-10. ( оқу мотивациясын анықтау, социометрия, қызығушылық картасы, ерте жүктіліктің алдын алу, интернетке тәуелділікті анықтау, агрессивті мінезді анықтау, ағылшын тілінде өтетін сабақтарға оқушылардың психологиялық тұрғыда дайындығын тексеру, тәуекел топты анықтау, мұғалімдер және ата-аналардан сауалнамалар алынды).
Мектеп психологы:Бигалиева С.Н.