06 Ақп 2021
Іс-шаралар

«Адалдық алаңы»

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің хаты негізінде, «Адалдық алаңы» жобасы аясында бүгін мектеп қабырғасында Д.Распаеваның ұйымдастыруымен "Адалдық дүкені" ашылды. Оның негізгі мақсаты: қандай істе де адал болу, адамдардың бір-біріне деген сенімділіктерін арттыру, жемқорлыққа қарсылық мәдениетін дамыту, адамдыққа тәрбиелеу. «Адалдық дүкенінің" өзгешелігі сол, мұнда еш дүкенші болмайды. Әрбір адам өзіне қажетті затын алып, оның ақшасын арнаулы жәшікке салып кетеді. Бұл адам бойында тазалық, адалдық, жауапкершілік қасиеттерін көбірек сіңіруге себеп болмақ. Бүгінгі мектебімізде ашылған «Адалдық дүкенінің» - білім алушыларымыз үшін нағыз тәрбие мекені болатынына сеніміміз мол.

Демеушілік көрсеткен Мереке Ауылдық округі әкімдігіне алғыс айтамыз!

 

 

Жаңалыктар