06 Ақп 2021
Коучинг

«Латын графикасына көшу: пікірлер мен көзқарастар»

Мереке мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінде әдістемелік жұмыс тұрғысынан бірнеше жоспарға сәйкес  жұмыстар жүзеге асырылды. Мектепішілік «Латын графикасына көшу: пікірлер мен көзқарастар» атты семинар өткізілді. Мақсаты:

-Латын әліпбиі туралы мәлімет беру;

-Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиімен таныстыру;

-Латын графискасына көшу туралы әр түрлі пікірлер мен көзқарастарды саралауға үйрету;

-Өз пікірлерін сауатты жеткізе білуге тәрбиелеу;

\ төмендегідей тапсырмалар берілді\

I топ 1 спикер  - Дефиниция, қалыптасқан жағдай, құндылықты таныстыру. Аргументтерді жариялау. 6 минут.

1 спикерге 2 фракцияның 3 мүшесінен сұрақ қойылады. 3 минут.

II топ 1 спикер – Дефинициялармен келісу немесе келіспеуі. Ребатл, аргументтерге қарсы пікір және өзінің аргументтерін енгізу. 6 минут.

2 спикерге I фракцияның 3 мүшесінен сұрақ қойылады. 3 минут.

I топ 2-спикер – Өз аргументтерін жақтау және қарсыластың аргументтеріне қарсы ребатл жасау. 5 минут.

2 спикерге II фракцияның 1 спикерінен сұрақтар қойылады. 3 минут.

II топ 2-спикер – Өз аргументтерін жақтау және қарсылас аргументтеріне қарсы ребатл. 5 минут.

2 спикерге I фракцияның 1 спикерінен сұрақтар қойылады. 3 минут

I топ 3-спикер – Анализ, қарсыласу нүктелерін көрсету, өз командасының неге ұту қажет екенін айту.

II топ 3-спикер –Анализ                                                           

Семинарға  жауапты ретінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ескалиева Л.Ғ. жауапты болып тағайындалды. Семинар мақсатына айқын жетіп, қорытындысы шығарылды.

Жаңалыктар