06 Ақп 2021
Коучинг

«Бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау»

Мектепішілік семинар:«Бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау» атты өткізілді.Семинардың мақсаты мен міндеттері:

Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптама жасау саласында педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру,

бағалау құралдарын әзірлеу және сараптама жасаудың негізгі тәсілдерін көрсету;

бағалау процесінде қолданылатын тапсырмалардың түрлері мен сипатын көрсету;

бағалау құралдарын әзірлеу мен сараптама жасауды үйрету.

Объективтілік, нақтылық және валидтілік біртұтас күйде бағалаудың сапасын анықтайды. Бағалау нақты және сенімді ақпарат береді.

Қолданылған критерийлер мен бағалау құралдары нақты оқу мақсатына және күтілетін нәтижеге жетуді бағалайтынына сенімділік орын алады.

Біздің нақты нені өлшейтінімізді және қаншалықты дұрыс бағалау жүргізетінімізді көрсететін барынша мазмұнды сипаттаманы бағалаудың валидтілігі ұсынады.

Объективтілікті, нақтылықты және валидтілікті қамтамасыз ететін қағидаларды жүзеге асыру: нені бағалау қажеттігін нақты түсінуді және анықтауды;

бағалау критерийлерін құруды және оны негізге алуды;

тапсырмаларды құрастыруды және рәсімдерді жоспарлауды бағымдайды.

Оқу материалын меңгеруге қатысты оқушыларға дер кезінде көмек көрсету үшін барынша біржақты сипаттау мазмұнын қарастыратын тапсырмалар құрастыру.

Оқушылардың оқу бағдарламасының бөлімін меңгеру деңгейіне сәйкестігін көрсетуге мүмкіндік беретін оқу материалын тапсырмаға қосу.

Тапсырма мазмұны оқу нәтижесінің жалпы жетістігін сәйкестендіру (идентификация) үшін және белгілі бір кезеңдегі білім беру сапасын растау үшін күтілетін оқу нәтижесінен репрезентативті іріктеме жасаудан тұратындығын айқын көрсетті.

Мектеп ұстаздары шәкірттер орнында болып,шығармашылық тапсырмалар орындады.

Жаңалыктар