Мектеп кітапханасы 1980 жылы ашылған. 2-ші қабатта орналасқан. Жалпы аумағы –
48,8 м2, оқу залы мен абонемент бірге орналасқан, оқулықтар қорын және есептен шыққан кітаптарды сақтайтын бөлме бар. Оқу залындағы оқырмандардың отыратын орын саны - 10.
Кітапханада болуға тиісті жұмыс жоспар, есептер, мүлік кітабы, күнделік, жиынтық есеп кітабы, библиографиялық анықтамалардың есеп кітабы, оқырман жоғалтқан орнына қабылданған кітаптар мен басқа құжаттардың есебі журналы, мерзімді басылымдарды тіркеу журналы т.б. бар.
Кітапхананың жалпы қоры- 7629 дана , соның ішінде оқулық саны-4593, көркем әдебиет- 3036 дана. Соның ішінде қазақ тіліндегі кітаптар саны- 5961, 1247 орыс тілінде, 421 ағылшын тілінде.
Қыркүйек айынан бастап оқырмандарды қайта тіркеу жұмысы басталып,қазан айының соңына дейін түгел аяқталды.Қазіргі таңда бір жүз жетпіс тоғыз оқырман бар. Барлық оқырмандарға жаңадан формуляр жасалып толтырылды. Қайталай тіркеуден өткізілді. Күнделікті есеп парағы, кітапхананың жұмыс күнделігі және көпшілік шаралар қорытындысы уақытында толтырылады.
Оқырмандар саны -181, мұғалімдер - 33, оқушылар саны – 107, басқалары - 41.
Мектеп кітапханасында 1 бірлікпен кітапханашы жұмыс атқарады. Кітапханашы Бахашева Гульдана Мендешовна білімі жоғары, санаты- зерттеуші, орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі, жалпы еңбек өтілі 23 жыл, аталған мекемеде 20 жыл, кітапханашы бойынша білімі орта арнаулы, мамандығы «Кітапхана ісі», еңбек өтілі 9 жыл, санаты жоқ.
Кітапхананың жұмыс істеу уақыты 08.30-13.00 және 15.00-18.00 дейін. Демалыс күні-сенбі, жексенбі.
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кітапхана ісі туралы нормативті актілерін, қаулы мен бұйрықтарын, Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының «Білім жүйесінің кітапханаларына арналған кітапхана ісі жөніндегі әдістемелік құралдарын» басшылыққа алып, өз қызметтерін жүргізеді.Кітапханада компьютер,принтер бар.
Кітапхана залында дәстүрлі көрмелер бірнеше жылға арналып немесе елеулі күндерге арналып, жасақталып тұрады. «Табиғат -тал бесігіміз», «Тілге арналған бұрыш», «Қазақстан Елбасының жолдауы» бұрышы , «Бір ел-бір кітап» акциясы бұрышы,
«Ұлы Жеңіс күні» бұрышы, «Конституция Ата заңы», «Балаларға базарлық», «Қазақстан достық бесігі» бұрыштары жасақтаулы тұр. Бірінші қыркүйек Білім күніне кітаптар көрмесі, «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» көрмесі, «Ата заң – тұрақтылығымыздың кепілі» көрмесі, 22 қыркүйекке «Ана тілі-асыл қазына» «Тілді құрметтеу» атты кітап көрмесі, қарттар күніне «Ұрпаққа мұра –бабалар өсиеті» атты, ұстаздар күніне көрме және газет жасақталды, Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде /тілдер күніне\ ,
« Елбасы-кемеңгер көшбасшы» атты көрме, «Жаңартылған білім мазмұнына арналған» көрме, «Үштілділік- білім тұғыры» атты үштілділікке, «Ақжайық ақиық ақындары» атты жергілікті ақындарға арналған көрме, «Рухани жаңғыру» атты көрме, «Латын тіліне» арналған көрме, «Жаңартылған білім мазмұнына көрме», «Жаңа келіп түскен кітаптар», «Оқуға құштар мектеп», «Ақжайық ақиық ақындары» атты көрмелер дәстүрлі түрде жасақталады. Президент жолдаулары уақытылы ауыстырылып, жыл сайынғы жолдаулар папкаларда жинақталады,«Ана тілі-асыл қазына»,«Елбасының халыққа арналған
жолдауы » , «Балаларға базарлық », «Бір ел - бір кітап», «Менің 100 кітабым» сияқты тұрақты кітап көрмелері де бар. Талапқа сай міндетті түрде жүргізілетін жұмыс толығымен бар, папкалары сақталады.
Кітап қоры ББК бойынша орналасқан, кітапхана құжаттары дұрыс толтырылған, кітап көрмелері (атаулы және тұрақты) жасақталған, оқырмандар формуляры, кітап формуляры талапқа сай толтырылып, жүргізіліп отырады.
«Экология- ел тағдыры» шолу, «Тәуелсіздігімнің арайлап атқызған таңы..» көрме, «Асыл ата-бабалар» атты қарияларға арнап, «Елбасы күніне арналған өнеге сағаты», «Аналар күніне арналған ауылдың әжесімен,батыр анамен кездесу» ұйымдастырылып, жоспарға сәкес бірнеше ашық тәрбие сағаттары оздырылды. Әрбір жасақталған көрме материалдары арнайы папкаларға жинақталады.
Readx жобасы мен «Бір ел – бір кітап» акция аясында Әль-Фарабидің 1150 жылдығына Әнуар Алимжановтың «Ұстаздың оралуы» романы, Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясына әдеби шолу ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушылар арасында кітап оқуды насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, шығарманын идеялық мәнін менгертіп рухани құндылықтарды бойына сіңіру. «Мектептегі кітапхана» атты Республикалық журнал бетіне авторлық сабақтан тыс іс-шарасы жарияланды ақпан айы 2019 жыл.
http://mereke.taskala-bilim.edugov.kz/kz/%D0%BA%D1%96%D1%82%D0%B0%D0%BF%D1%85%D0%B0%D0%BD%D0%B0.html#sigFreeId58b829850e