"Мереке "Мектеп-бөбекжай-балабақша" кешені" 2021-2022 оқу жылы. Оқуға құштар мектеп жобасы бойынша ағымдағы жылдың 1-наурызында Мереке мектеп кітапханасында "Алғыс білдіру-ең асыл сөз" атты кітап көрмесі жасақталды. Көрмеге қазақ халқының әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері, мақал-мәтелдері, аңыз әңгімелері қойылды. Оқушылар арасында алғыс айту - ұстаздарға, ата-анаға, туған жерге деген ықыластарын жеткізді.