Мереке мектеп – бөбекжай – балабақша кешені
2022 – 2023 оқу жылы
«Отбасы» күніне орай «Отан – отбасынан басталады» атты ата – аналарға өткізілген іс – шараның анықтамасы
2022 жылдың 08 қыркүйек күні Мереке мектеп – бөбекжай – балабақша кешенінде «Отбасы» күніне орай «Отан – отбасынан басталады» атты 1 – 11 сынып оқушыларының ата – аналарына педагог – психолог С.Бигалиеваның ұйымдастыруымен іс – шара өтті.
Мақсаты: Ата – ана мен оқушы арасындағы ізгі қарым – қатынастың орнауына ықпал ету. Отбасы құндылықтарын сақтауға үйрету.
Шара барысында 1 - педагог – психолог «Отбасы», «Отбасының басты қазығы» жөнінде қысқаша ата – аналарға баяндама жасап, кейін «Шаттық шеңбері» арқылы ата – аналарға сұрақтар қойылды. Мысалы:
- «Отбасы негізі» не деп ойлайсыздар?
- Ата – ана мен баланың арасындағы қарым – қатынас қандай болу керек?
2 – «Сағат бойынша достар». Мұнда ата – аналардың көңіл – күйлерін көтеру, топ ішінде жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында жүргізіледі.
3 – отбасының басты қызметі бала тәрбиелеу осы тақырыпқа байланысты дискуссия жүргізіледі. Ата – аналар ой пікірлерімен бөлісті.
4 – «Моншақ» жаттығуы арқылы ата – аналар отбасының жақсы қасиеттерін айтты.
5 – «Түймедақтағы тілек». Қағаздан қиылған түймедақтың жапырақтарын жабыстыру арқылы, желіммен жабыстырып, бір – біріне жасаған түймедақтарын құттықтау арқылы берді.
Шара соңында «Ашығын айтсам» кері байланыс арқылы ата – аналар бүгінгі шарадан алған әсерлерін айтты және үйге тапсырма «Бүгінгі кешкі астан отбасымызбен селфи» атты ватсап желісіне фото жіберу болды.
Мектеп директорының м.а. А.Құмарова
http://mereke.taskala-bilim.edugov.kz/kz/janalikter-mereke/14520-otbasy-k-nine-oraj-otan-otbasynan-bastalady-atty-ata-analar-a-tkizilgen-is-sharany-any-tamasy.html#sigFreeId10a770d35d