19 Қаң 2022
Мектептегі тамақтану

Ыстық тамақты ұйымдастыру бойынша анықтама

Мереке мектеп – бөбекжай – балақша кешені

2021 – 2022 оқу жылы

Мереке мектеп – бөбекжай – балақша кешенінде тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша оқушылардың сапалы және қауіпсіз қамтамасыз ету бағытында санитарлық ережелер дің сақталуы қадағаланады. Осы орайда оқушыларға берілетін тамақтың сертификаттары тексеріліп, ас мәзіріне сай тамақтар беріледі.  Санитарлық ережелер мен талаптарға сай жабдықтармен жабдықталған.  Арнайы тамақтың сапасын тексеру комиссия мүшелері бақылау жүргізіп тұрады. Қазіргі уақытта мектепте 104 оқушы білім алуда. 1 – 4 сыныптарда 39 оқушы, соның ішінде 2 оқушы әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балалары мен күнкөрісі төмен отбасы балалары. 5 – 11 сыныпта 10 оқушы   әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балалары мен күнкөрісі төмен отбасы балалары мектеп асханасынан бір реттік тегін ыстық тамақпен қамтылады.

Мереке мектеп – бөбекжай – балабақша кешенінде ағымдағы жылдың қараша айында «Дұрыс тамақтану» туралы оқушыларға аудио, бейнероликтер көрсетілді.

Дұрыс тамақтану ережелері, тамақтану пирамидасы, тамақтану тәртібі туралы айтылып, көрсетілді.

 

Жаңалыктар